Қатарынан бес!

06:00, 7/21/2021

2 лига бірінші айналымның соңғы турында біздің қарсыласымыз Тобыл Ж болды. Бірінші таймда, қарсыластың айып алаңындағы фолдан кейін, пенальти тағайындалды, оны біздің команданың сұрмергені Арсен Елемесов сәтті орындады. Матчтағы алғашқы голдан 10 минут өткен соң, Сергиенко қапталдан берген керемет пастан кейін дәл сол Елемесов дубль жасады. Ойынды аяқ астынан басқара отырып, матч соңы өте шиеленісті болып, екінші таймның қосымша уақытында екі қажет емес гол жіберіп алдық, оның біреуі офсайд жағдайына байланысты саналмады. Соған қарамастан есеп 2:1 болып, бүгінгі жеңіс қатарынан бесінші болды! Келесі кездесу 27 шілдеде Шахтер Ж командасына қарсы өтеді. Бірінші айналымда ойын голсыз тең аяқталды.