Қатарынан төртінші жеңіс!

06:00, 7/15/2021

Сырт алаңда Оқжетпесті жеңдік. Кездесудің 5 минутында Арсен Елемесов, өзінің маусымдағы 6 голын соғып, есеп ашты. Матч тартысты жағдайда өтіп, командалар өзара өткір сәттермен алмасты. Екінші таймда, суық ауа райына қарамастан, алаңда өте ыстық болды! Жүгіүніс пен бағананы ұрған Хайруллиннің сәттері ұмытылмас. Ойыншыларға Legion_ultras қолдау көрсетті. Әдеттегідей, олардың теңдесі жоқ еді, ол үшін біз оларға үлкен алғысымызды білдіреміз! Сондай-ақ, бүгінгі ойында Біржан Күлбеков сары-көк футболкада алғашқы ойының өткізгенін ескертеміз. Эдуард Сергиоенко да «Жеңіске» оралғаннан кейін алғашқы кездесуін өткізді. Келесі ойын өз алаңымызда 20 шілдеде Тобыл М қарсы өтеді.