Қош келдіңіздер, жанкүйерлер!

03:00, 5/12/2021

Қош келдіңіздер, жанкүйерлер!
Керемет жаңалығымыз бар! Екінші Лиганың 3-ші туры аясындағы «Рузаевкаға» қарсы ойында стадионға көрермен кіргізуге рұқсат берілді! Құрметті жанкүйерлер, әлбетте түсінеміз, баршаңыз да футболды, стадион атмосферасын және әртүрлі перфоманстарды сағындыңыздар. Дегенмен, өздеріңіз де жақсы түсінесіздер деп ойлаймыз, карантин шараларына байланысты бірқатар шектеулер қоюға мәжбүрміз. Сондықтан, стадионға кіріп, ойын тамашалаудың өзіндік тәртіптері болады: ✅ Жеке куәлікті алып жүру; ✅ Ashyq қосымшасын орнату; ✅ Трибунада міндетті түрде маскамен отыру, тіпті, ойынды тамашалау барысында да масканы шешпеу қажет; ✅ Трибунадан орын алғанда әлеуметтік арақашықтықты сақтап отыру - тек нөмірленген орындарға ғана отыру керек; ✅ Стадионға кіру билеттер арқылы жүргізіледі - билеттерді матч алдында стадионға кіреберістен тегін алып, сонда көрсетілген орындарға ғана отыру керек; ✅ Стадионға кіру Шығыс трибунасы (Қабанбай Батыр көшесі) жағынан жүргізіледі, сондықтан, кептеліс жасамас үшін стадионға уақытылы ертерек келулеріңізді сұраймыз. Біздің адал да, ешкімге теңдессіз жанкүйерлеріміздің арқасында маусымдағы алғашқы жеңісімізге қол жеткізе аламыз деп үміттенеміз. Ендеше, баршаңызды стадионында күтеміз! Матчтың басталуы 15:00-де.