«Жеңіс» ФК бас бапкері Егор Азовский

12:30, 4/26/2021

«Жеңіс» ФК бас бапкері Егор Азовский
«Жеңістің» бас бапкері Егор Азовский чемпионаттың алғашқы матч туралы: Біз үшін, жалпы барша жанкүйерлеріміз үшін бүгінгі ойын айтулы әрі маңызды болды десем, тым жұмсартып айтқандай болатын шығармын. Мұны, тіпті, тарихи матч деп те бағалауға болады. Өйткені, ұзақ үзілістен кейін «Жеңіс» ел чемпионатына қайта оралып, бірінші ойынын өткізіп отыр, оның үстіне, бірден елорда дербиіне тап болып, матчтың маңыздылығын одан сайын арттырды. Ойын алма-кезек шабуылдармен өрбіді. «Оқжетпеспен» болған кубоктық кездесуден кейін жігіттер бабына келіп үлгермей қала ма деп қауіптеніп едім, күдігім расталды. Бізге эмоциялық рух жетіспеді. Қарсыламыз маусымға жоспарлы түрде дайындалған команда, оның үстіне, ойыншылары қарымды және бір-біріне бұрыннан үйреніскен жігіттер, бұдан бөлек, бізге қарсы негізгі құрамындағы бірнеше ойыншысын шығарды. Ал бізде мұндай мүмкіндік жоқ. Әлбетте, мұның барлығы ойынға кері әсерін тигізбей қоймайтыны анық еді. Бірінші тайм қиын болды, қақпамызға гол жіберіп алдық. Үзілістен кейін жағдайымызды жақсартып, таразы басын теңестіргенбіз. Алайда, матчтың соңына таман екінші голды өткізіп алып, қолда тұрған ұпайдан айрылдық.