«Жеңіс» ФК серіктесін ұсынады

03:00, 4/21/2021

«Жеңіс» ФК серіктесін ұсынады
Спорттық құқық саласындағы танымал құқықтық компания SILA International Lawyers жаңа маусымда командамыздың серіктесі болмақ. Қазақстаннан бөлек, Ресей, Швейцария, Болгария және Түркияда жұмыстарын жүргізетін халықаралық құқықтық компаниямен серіктестік келісімшартқа отырғанымыз жайлы қуана хабарлаймыз. SILA International Lawyers бүгінде көптеген танымал спортшылармен, бапкерлермен, агенттермен және клубтармен тікелей байланыс орнатып, олардың спорттық құқықтарын қорғаумен айналысады. Халықаралық арбитраждық сотпен (CAS) де тығыз жұмыс істеуде тәжірибелері зор.